Өнім берушінің «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден сатып алу» сатып алу тәсілі бойынша нұсқаулығы

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Содержание

«Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуда қатысуға жауапты беру.

Ескерту: Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу арқылы сатып алуда қатысуға шақыруды мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы жібереді. Шақыру мемлекеттік сатып алудың барлық қатысушылары үшін веб-порталдың сыртқы сайтында қарау үшін қолжетімді, бірақ шақыруға қатысу жауабын шақырылған өнім беруші ғана бере алады.

«Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуда қатысуға шақыруды қарау

Егер өнім беруші «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуда қатысу үшін шақырылса өнім берушіге сатып алуда қатысуға шақыру жіберіледі. Хабарламаны қарау үшін өнім берушіге жеке бөлмеде «Менің бөлмем-Қатысушының профилі – Қатысушының хабарламасы» бөліміне өту қажет:

Asad.PNG

Хабарламалардың тізімі бейнеленеді. Хабарламаны қарау үшін шақырудың атауы белсенді сілтемесі бойынша өту қажет:

Aasfdf.PNG

Шақырудың атауы белсенді сілтемесіне өткен кезде хабарламаны қарау үшін ақпарат бейнеленеді:

Wer.PNG

«Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуда қатысуға шақыруды қарау үшін «Сатып алу-Хабарландырулар» бөліміне өту керек:

Rty.PNG

Іздеу сүзгісінде «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» сатып алудың тәсілі бойынша іздеуді жүргізу мүмкіндігі қолжетімді:

Qwer.PNG

Іздеу жүйесінде басқарудың мынадай элементтері бар:

Объект Әрекет
Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің атауы бойынша сатып алуды табуға мүмкіндік береді
Лоттың атауы Лоттың атауы бойынша сатып алуды табуға мүмкіндік береді
«Бастап», «Дейін» жоспарланған сома Жоспарланған соманың диапазоны бойынша сатып алуды табуға мүмкіндік береді
Өңір Жеткізу орны бойынша лоттарды табуға мүмкіндік береді
Тапсырыс берушінің өңірі Тапсырыс берушінің аумақтық жабдықтары бойынша лоттарды табуға мүмкіндік береді
Сатып алудың тәсілі Сатып алу тәсілі бойынша лоттарды табуға мүмкіндік береді
Өтінімдерді қабылдаудың басталу/аяқталу күні Сатып алуды басталудың/аяқталудың талап етілетін күнмен лоттарды табуға мүмкіндік береді
«Қолдану» бастырмасы Бастырма іздеу үшін таңдалған критерийлерді қолдану үшін арналған
«Тазарту» бастырмасы Бастырма таңдалған критерийлерді ысыру үшін арналған

Іздеуді жүзеге асыру үшін іздеудің критерийін беру және «Қолдану» бастырмасын басу талап етіледі. Сондай-ақ хабарландырудың атауы сілтемесіне басу бойынша «Лоттар» мәзірінен «Хабарландырулар» мәзіріне өту мүмкіндігі іске асырылған.

Іздеу нәтижесі бойынша жүйе сатып алудың тізімін бейнелейді. «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен шақыруды қарау үшін сатып алу нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет:

Ty.PNG

Жүйе «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен шақыруды қарау нысанын бейнелейді. Шақыруды қарау нысаны мынадай қосымша атрибуттардан басқа «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алу нысанына ұқсас:

- «Шақырылған өнім беруші» алабында «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуда шақырылған өнім берушінің атауы бейнеленеді;

- «Тех.ерекшелікті қарау» лоттың нөмірімен бағандағы сілтеме тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігін қарау және жүктеу үшін қолжетімді.

Tryu.PNG Tyuti.PNG

Шақыруды қарау нысанында мынадай ақпарат бейнеленеді:

- Орыс және мемлекеттік тілде шақырудың толық атауы;

- Жариялау күні;

- Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні;

- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні;

- Сатып алу тәсілі;

- Сатып алу мәртебесі;

- Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі ұйымының атауы;

- Шақырылған өнім беруші;

- Лоттардың тізімі;

- Қоса жалғанған файлдар;

«Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуда қатысуға жауапты беру.

«Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен шақыруда қатысуға жауапты беру үшін шақыруды қарау нысанында лот атауының белсенді сілтемесіне басу қажет:

Uio.PNG

Жүйе лот туралы ақпаратты бейнелейді. Әлеуетті өнім беруші қоса жалғанған құжатпен танысуы тиіс. Егер сатып алу шарты қанағаттандырса, онда «Осы лотқа өтінімді беру» бастырмасын басу керек:

Gthyu.PNG

«Менің бірлік бағам» алабында бірлік бағасы енгізіледі:

P;ol.PNG

«Менің қорытынды бағам» алабында жүйе Санның және Бірлік бағасының деректері негізінде мәнді автоматты бейнелейді.

Cdvfbg.PNG

«Өз банк деректемелеріңізді көрсетіңіз» алабында банк шотының деректемелерін таңдау қажет.

Asdfg.PNG

«Файлды қоса жалғау» бастырмасын басқан кезде құжаттаманы қоса жалғау үшін апплет жүктеледі.

Zxcv.PNG

Назар аударыңыз! Файлдарды қоса жалғау үшін пайдаланушыда JRE соңғы нұсқасы, GOST кілті орнатылған болуы тиіс, сондай-ақ «Баға ұсыныстары» модулінде файлдарды қоса жалғауға және қол қоюға арналған баптаулар бойынша мынадай мақаламен танысуды ұсынамыз: (http://goszakup.gov.kz/wiki/index.php/%D0%9D%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B9%D0%BA%D0%B8_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%B5%D0%BF%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B8_%D0%BF%D0%BE%D0%B4%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D1%84%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%BE%D0%B2_%D0%B2_%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D1%83%D0%BB%D0%B5_%22%D0%A6%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B8%22)

Файлды қоса жалғау нысанында басқарудың мынадай элементтері бар:

| border="1" cellpadding="2" cellspacing="0"

|-
! Объект !! Әрекет
|-

|Профиль||ЭЦҚ-мен профильді таңдау |- |Файл ||Қоса жалғау үшін файлды таңдау |- |Қол қою||ЭЦҚ құралдарының көмегімен қоса жалғанатын құжатқа қол қою жүзеге асырылады |- |Жіберу||Файлды серверге жіберу жүзеге асырылады |}

Файлдарды жүктеу кезінде мемлекеттік сатып алудың қатысушылары жүйеге жүктелетін файлдарға зиянды бағдарламалардың болуына тексеру жүргізеді. Егер жүктелетін файлда зиянды код болса, онда осы файл жүйеге жүктелмейді және файлды жүктеуге тыйым салу туралы қатердің атауымен хабар бейнеленеді:

Azsxdcfv.PNG

Барлық файлдарды ойдағыдай қоса жалғағаннан кейін мынадай алапқа қанатбелгілер қою қажет:

- Бірлік бағасына барлық шығыстар кіргенін растаймын;

- Мен мемлекеттік сатып алу шартының жобасымен таныстым, шарттың елеулі жағдайларын қабылдаймын және өнім берушінің өтінімінде көрсетілген деректерді растаймын және сақтау бастырмасына басу керек:

987654.PNG

«Сақтау» бастырмасын басқан кезде, өтінім «Өнім беруші-Менің өтінімдерім» бөлімінде «Құрылды» мәртебесімен сақталады. Қатысуға өтінімді беру үшін «Жалғастыру» бастырмасына басу керек.

65432.PNG

«Жалғастыру» бастырмасын басқан кезде өнім берушінің жауабын беру үшін терезе ашылады:

080808.PNG

«Өтінімді беру» бастырмасына басқаннан кейін Java – Апплет жүктеледі. Егер қосымша терезелер шықса, онда мынадай мәндерді таңдау қажет:

......PNG 3030303.PNG

Java қалқымалы терезесінде RSA кілтіне Java –ға RSA сертификатын импорттау кезінде сіз көрсеткен парольді енгізу және «ОК» басу қажет. Егер осы терезе сізде болмаса, нұсқаулықтағы осы тармақтан өтіп кете аласыз.

474747.PNG

Қалқымалы терезеде файлға қол қою үшін қажетті пайдаланушының сертификатын таңдау қажет.

Назар аударыңыз! Егер Gost сертификатымен қол қойған жағдайда Жүйе «Субъектінің осы түрі үшін қате кілт» немесе «Сертификатта «Үздіксіз» белгісі жоқ» қателігі туралы хабарды шығарса, онда файлдарға және нысандарға қол қою үшін Сізге RSA алгоритмінің сертификатын пайдалану қажет.

55555.PNG

Назар аударыңыз! Өнім берушінің жауабына қол қою үшін пайдаланушыда JRE соңғы нұсқасы орнатылған болуы тиіс. JRE қоймасына сертификатты орнату үшін: Іске қосу – Баптаулар – Басқару үстелі - Java Control Panel өту қажет. Security қойындысында Certificates бастырмасына басу керек. Жаңа терезеде Client Authentication таңдау қажет, содан кейін «Import» бастырмасына басу керек. Жаңа терезеде Client Authentication таңдау керек, содан соң «Import» бастырмасына басып, порталға кіру үшін пайдаланылатын RSA сертификатын таңдау қажет.

Өнім беруші жауабына ойдағыдай қол қойғаннан кейін, өтінім «Берілді» мәртебесімен «Өнім беруші» бөлімінің «Менің өтінімдерім» кіші бөлімінде бейнеленеді:

1111111.PNG

Берілген жауапты кері қайтару.

Егер берілген жауапты кері қайтару қажет болса, «Өнім беруші – менің өтінімдерім» бөлімінде қажетті лотты таңдау қажет және «Кері қайтару» бастырмасына басу керек:

7777777.PNG

Жүйе таңдалған әрекетті растаумен қосымша терезені бейнелейді, кері қайтару рәсімін жалғастыру үшін «Ок» бастырмасына басу керек:

AIKAL.JPG

Назар аударыңыз! «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуға қатысу жауабын кері қайтару өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні басталғанға дейін ғана мүмкін.

Өнім берушінің кері қайтарылған жауабының мәртебесі «Өнім беруші – Менің өтінімдерім» бөлімінде «Кері қайтарылды» мәртебесімен бейнеленетін болады:

Defr.PNG

Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу арқылы сатып алуда қатысудан бас тартуды жүзеге асыру

Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуда қатысудан бас тартуды жүзеге асыру үшін «Сатып алу - Лоттар» бөлімінде лоттың атауы белсенді сілтемесіне басу қажет:

Werrty.PNG

Шақыруды қарау нысанында «Қатысудан бас тарту» бастырмасына басу қажет:

33333333.PNG

«Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартуды растау үшін «ОК» бастырмасына басу қажет:

P,p,p.PNG

Жүйе растау хабарын бейнелейді:

6666666.PNG

Ескерту: Егер өнім беруші қатысудан бас тартса, онда электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу тәсілімен шақыруға қатысуға жауапты қайта құру және жіберу қолжетімсіз болады. «Қатысудан бас тарту» әрекетін таңдаған кезде, бас тарту шақырудың барлық лоттары бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына жүйе электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тарту туралы хабарлама өнім берушімен автоматты түрде жіберіледі.

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Навигация
Язык
Инструменты