Жүйе туралы

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе.

Мемлекетік сатып алудың веб-порталы келесі мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді:

  • мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушыларды тіркеу;
  • мемлекеттік сатып алуды жобалау;
  • өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттарды жиынтығын;
  • электрондық мемлекттік сатып алуды өткізу, соның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші араларында электрондық құжат алмасу;
  • мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жоспардағы, өткізетін және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттарды беру;
  • өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік және санақтарды қалыптастыру;
  • мемлекеттік сатып алу саласында нормативтік-анықтама ақпараттарын және түсіндірмелерді жариялау;
  • мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілген мәліметтерді ұсыну және жариялау.

Жүйемен шешілетін мәселелер:

  • мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда бюджеттік шығындарды қысқарту;
  • мемлекеттік тапсырыстарды бірыңғай тәртіппен орналастыру және қалыптастыру;
  • мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге шығындарды қысқарту;
  • өнім берушілер арасында бәсекелестік жағдайларын тең құру;
  • жиналған ақпараттарға тез алуға мүмкіндік;
  • қағаз құжат айналымын айтарлықтай қысқарту;
  • мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын және мөлдірлігін жоғарылату;
  • мемлекеттік сатып алу процесінде заң бұзушылық санын азайту.

Қосымша ақпараттар бойынша Электрондық коммерция орталығының техникалық қолдау қызметіне мына телефондар бойынша байланысыңыз: 8 (7172) 72-90-90, support@ecc.kz

Бұл қалай жұмыс істейді?

Электронды мемлекеттік сатып алу қатысу үшін:

  • Ұлттық куәландырушы орталықта электрондық сертификаттар алыну қажет .
  • Мемлекеттік сатып алу веб-порталында пайдаланушы ретінде Тіркелу тіркелгеннен кейін өз ұйымыңызды сәйкесінше тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе жабдықтаушы ролі бар қатысушы ретінде тіркеу қажет.
  • Жүйеге сертификата арқылы Жүйеге кіру кіргеннен кейін мемлекеттік сатып алуға қатысу қажет.

Мемлекеттік сатып алу қағаз жүзінде тәсілдері арқылы жүзеге асырылған жағдайда жабдықтаушылар веб-порталда тіркелуі қажетті емес. Мұндай сатып алулар үшін жабдықтаушылардың өтінімдері мен баға ұсыныстары қағаз жүзінде асырылады.

Өткізілетін сатып алулар туралы ақпаратты қарау үшін келесі бөлімдерге өту қажет Хабарландырулар, Лоттар, Қорытындылар, Сатып алу жоспарлары, Келісім-шарттар.

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Бағыттау
Тіл
Құралдар