Электрондық-цифрлық қолтаңбаны қолдану бойынша нұсқаулық
Мазмұны |
КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЮ
Пайдаланушы келісіміне қол қою
Пайдаланушыны тіркегеннен кейін пайдаланушы профилінде бейнеленетін, Пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолдануы туралы КЕЛІСІМІНЕ қол қою қажет.
Назар аударыңыз! Келісімге қол қою үшін пайдаланушыда JRE соңғы нұсқасы және GOST кілті орнатылған болу керек.
Сізге Пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолдануы туралы келісім сілтемесіне басу керек, онда басқаннан кейін келесі пішін бейнеленеді:
Назар аударыңыз! Оның мазмұнымен мұқият танысыңыз. Қажет болған жағдайда оны жүктеу сілтемесіне басып жүктеуге болады.
Пайдаланушы келісіміне қол қою бетіне өту кезінде, қол қою кезінде қолданылатын Java – Апплет жүктеліне бастайды.
Егер сізде қалқымалы терезелер болса, онда келесі мәндерді таңдау қажет:
Java ашылма терезесінде JAVA –ға пароль енгізу қажет және «ОК» батырмасына басу керек. Егер осы терезе сізде жоқ болса, нұсқаулықта осы тармақты өткізіп жіберуіңізге болады.
Ашылма терезеде Келісімге қол қою қажетті, пайдаланушы сертификатын таңдау қажет.
Келісімге қол қою 3 негізгі қадамдардан тұрады, ол келесі басқару элементтерінің көмегімен орындалады:
Объект | Әрекет |
Профиль | GOST кілтіне жол көрсетіледі |
Қол қою | ЭЦҚ құралының көмегімен қол қою жүзеге асырылады |
Жіберу | Серверге файлды жіберу жүзеге асырылады |
1 қадам. Қол қою қажет сертификатты профильде таңдау қажет.
Кілтті таңдаған кезде сізде терезе шығады, онда осы кілтке пароль сұратылады. Парольді енгізгеннен кейін «ОК» батырмасына басу керек.
Ескерту: Егер кілтке пароль берілмесе, онда «ОК» батырмасын басыңыз.
2 қадам. «Қол қою» батырмасына басу керек.
3 қадам. Сіз қол қойғаннан кейін «Жіберу» батырмасына басу керек.
Қол қойған кезде ЭЦҚ туралы ақпарат сақталады:
Қол қойылған келісім келесідей болып көрінеді:
Қатысушының келісімге қол қоюы
Сіз тіркелудің екінші кезеңіне, яғни қатысушының тіркелуіне өткеннен кейін сізге қатысушының келісіміне қол қою қажет. Ол үшін сізге мәзірде «Менің кабинетім» - «Пайдаланушы профилі» өту қажет және Хабарлар белсенді сілтемесіне басу керек.
Назар аударыңыз! Келісімге қол қою үшін пайдаланушыда JRE соңғы нұсқасы, GOST кілті орнатылған болу керек.
Сізге Қолдану туралы қатысушының келісіміне басу керек, онда басқаннан кейін келесі пішін бейнеленеді:
Назар аударыңыз! Оның мазмұнымен мұқият танысыңыз. Қажет болған жағдайда оны жүктеу сілтемесіне басып жүктеуге болады.
Қосымша Java – Апплет жүктеліне бастайды. Сізге пайдаланушы келісімне қол қойған кезде бұдан бұрын орындалған әрекеттерді жүргізу қажет.
Қатысушының қол қойылған келісімі келесідей:
ӨНІМ БЕРУШІНІҢ ӨТІНІМГЕ ҚОЛ ҚОЮЫ
Өнім берушіге өтінім беру үшін мәзірдегі «Сатып алулар» - «Лоттар» немесе «Сатып алулар – Хабарландыруларға» өту керек
Сүзгінің көмегімен қажетті лотты табу керек және оның атауына басу керек.
Өнім берушінің өтінімін беру үшін батырма келесідей:
Өнім беруші өзінің бірлік бағасын теңгеде көрсетеді.
Назар аударыңыз! Файлдарды бекіту үшін пайдаланушыда JRE соңғы нұсқасы, GOST кілті орнатылған болу керек
Осы батырманы басқан кезде Java – Апплет жүктеледі. Егер сізде терезелер шықса, онда келесі мәндерді таңдау қажет:
Java ашылма терезесінде JAVA –ға пароль енгізу қажет және «ОК» батырмасына басу керек.
Егер осы терезе сізде жоқ болса, нұсқаулықта осы тармақты өткізіп жіберуіңізге болады.
Ашылма терезеде файлға қол қою қажетті, пайдаланушы сертификатын таңдау қажет.
Файлды бекіту пішінінде келесі басқару элементтері бар:
Объект | Әрекет |
Профиль | GOST кілтіне жол көрсетіледі |
Файл | Бекіту үшін файлды таңдау |
Қол қою | ЭЦҚ құралының көмегімен қол қою жүзеге асырылады |
Жіберу | Серверге файлды жіберу жүзеге асырылады |
Файлды бекіту 4 қадамнан тұрады:
1 қадам. Профиль батырмасына басу керек.
Қол қою қажет сертификатты профильде таңдау қажет.
Содан кейін осы профайлға пароль сұратылатын сізде терезе шығады.
Парольді енгізгеннен кейін «ОК» батырмасына басу керек.
Ескерту: Егер профайлға пароль берілмесе, онда «ОК» батырмасын басыңыз.
2 қадам. Бекіту үшін файлды таңдау қажет.
Таңдағаннан кейін «Open» батырмасына басу керек.
3 қадам. «Қол қою» батырмасына басудың көмегімен таңдалған файлға қол қою керек.
4 қадам. Қол қойылған файлды «Жіберу» батырмасының көмегімен жүктейміз
Бекітілген файл кесте түрінде бейнеленетін болады.
Сіз бірлік бағасына барлық шығындар қосылғанын, шарттың жобасымен сіз танысқаныңызды және оның жағдайларын қабылдайтыныңызды растағаннан кейін «Сақтау» және «Сақтау және қол қою» батырмалары белсенді болады.
«Сақтау» батырмасын басқаннан кейін өтінім Өнім беруші – «Құрылды» мәртебесімен менің өтінімдерім бөлімінде сақталады.
«Сақтау және қол қою» батырмасын басқан кезде өнім беруші өтініміне қол қою беті ашылады.
Өтінімге қол қою
«Қол қою және жалғастыру» батырмасын басқаннан кейін өнім берушінің өтінімі қалыптастырылады, оған сіз бекітілетін файлдарға қол қоюға ұқсас қол қоюыңыз керек.
Қол қойғаннан кейін ЭЦҚ туралы ақпарат шығады.
Бейнеленген деректерді қарау пішінінде өнім берушінің барлық бекітілген файлдары бейнеленген, соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның мәртебесі туралы ақпараттарының, және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ақпараттарының деректерін қарау және файлды жүктеу мүмкіндігімен 'xml пішімінде өтінім. Өнім берушінің қол қойылған өтінімін қарау үшін өнім беруші өтінімінің нөмірімен белсенді сілтемеге басу керек.
Сіз өтінімдеріңізді «Өнім беруші» - «Менің өтінімдерім» мәзірінен қарай аласыз.
Егер сізге өтініміңізді кері қайтару қажет болса, оны бөлектеп алу керек және «Кері қайтару» батырмасына басу керек.
Назар аударыңыз! Тек қана өтінімді қабылдаудың соңғы күні басталғанға дейін өтінімді кері қайтаруға болады.
Бұдан әрі өнім берушінің қол қойылған өтінімі Ұйымдастырушы қарау үшін баға ұсыныстарын қарау кезеңінде, және сатып алудың жарияланған қорытындыларында қол жетерлік болады.