ҚР Ұлттық куәландыру орталығының сандық сертификатын орнату бойынша Нұсқаулық
Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының (одан әрі – ҚР ҰКО) сандық сертификатын Mozilla Firefox браузеріне орнату бойынша Нұсқаулық
Сертификатты аутентификация (RSA) үшін орнату
Mozilla Firefox браузерінің «Аспаптар» - «Бейімдеу» мәзіріне еніңіз.
«Қосымша» қыстырмасын, сосын «Шифрлау»-ды таңдаңыз және «Сертификатты қарап шығу» түймешесін басыңыз.
Сертификаттар менеджерінде «Импорттау» түймешесін басыңыз.
Ашылған терезеде дискі тасымалдаушыда pkcs12.p12 файлын таңдаңыз, сосын «Ашу» түймешесін басыңыз.
ҚР ҰКО тіркеу куәлігін шығаруға өтініш толтырған кезде көрсеткен парольді енгізіңіз, сосын «ОК» басыңыз.
«ОК» басыңыз
Сертификаттың дұрыс импортталғанына көз жеткізіңіз.
Орнатудың лайықтылығын тексеру
Жеке сертификаттарды орнатудың лайықтылығын тексеру үшін мынаны орындаңыз.
"Қосу" мәзірінде "Орындау"-ды таңдаңыз. Мына төмендегі суреттегідей бұйрықты теріңіз, сосын «OK» түймешесін басыңыз.
Төмендегі суреттегідей сертификаттарды табыңыз.