Internet Explorer браузерінен сертификатты экспорт жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Internet Explorer браузерінен сертификатты экспорт жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:

1. Internet Explorer-ді ашып, Сервис– Шолушы қасиеті мәзіріне ену керек:

IE1.PNG

2. «Мазмұны» қыстырмасын ашып - «Сертификаттар» түймешесіне басу керек

IE2.PNG

3. Ашылған «Сертификаттар» мәзірінде барлық орнатылған сертификаттар ашылады, қажеттісін белгілеп, «Экспорт» түймешесін басу керек:

IE3.PNG

4. «Одан әрі» дегенді басу керек

IE4.PNG

5. «Иә, жабық кілтті экспорттау» алаңында құсбелгі қойып, «Одан әрі» дегенді басу керек

IE5.PNG

Ескерту: Егер «Иә, жабық кілтті экспорттау» таңдауы – белсенді болмаса, бұл яғни жабық кілт бар дегенді білдіреді және оны Сіз дискіден немесе флешкадан алдыңыз және жабық кілтті экспорттау керек емес.

6. «Одан әрі» дегенді басу керек

IE6.PNG

7. Парольді енгізіп, оны растап, сосын «Одан әрі» дегенді басу керек.

IE7.PNG

8. Экспортталатын кілттің сақтау деректерін енгізіңіз. Ашылған терезеде «Шолу» түймешесін басыңыз.

IE8.PNG

Мысал, папканы сақтау орыны - Жұмыс столы, файлдың аты - жабық кілт (кезкелген атпен сақтауға болады), файлдың типі – жеке ақпаратпен алмасу Файлдары (*.pfx)

IE9.PNG

9. «Сақтау» дегенді басыңыз.

IE10.PNG

10. «Одан әрі» дегенді басыңыз

11. «Сертификаттарды экспорттау шебері жұмысының аяқталуы» терезесі ашылады

IE11.PNG

12. «Дайын» дегенді басыңыз, содан соң ашылған «Экспорт сәтті орындалды» терезесінде – ОК басыңыз.

IE12.PNG

13. Сіздің жұмыс столыңызда экспортталған жабық кілт пайда болады, ал жабық кілтті Mozilla немесе Opera браузерлеріне импорттау үшін, сонымен қатар басқа компьютерге орнату үшін қолдануға болады.

IE13.PNG

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Бағыттау
Тіл
Құралдар