Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 1068238

Тема сообщения
Техникалық сипаттамада көрсетілген іс-шаралар бойынша толық әрі нақты ақпарат беруді сұраймыз.

Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД

Поставщик
Корпоративный фонд "Альянс студентов "Уральск"

Представитель поставщика
СЕРІКҚАЛИЕВ ТАСБОЛАТ СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-09-22 10:07:23

Текст сообщения

Атап айтқанда, техникалық сипаттамада «Ардагерлер тағылымы және ұлттық құндылықтар» атты облыстық форум өткізу деген тармақ қана көрсетілген. Алайда аталған тұжырым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде форумды ұйымдастыру және өткізу барысында орындалуы тиіс жұмыстардың толық көлемін айқындауға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, техникалық сипаттамада аталған форумның мазмұны мен оны өткізуге қойылатын талаптарды нақтылап, төмендегі мәселелер бойынша толық ақпарат ұсынуды сұраймыз:

форумның мақсаты мен негізгі міндеттері;
форумды өткізу форматы және бағдарламалық мазмұны;
қатысушылардың жоспарланған саны және мақсатты аудиториясы;
форумның өткізілу орны мен ұзақтығына қойылатын талаптар;
форум аясында ұйымдастырылуы тиіс іс-шаралар (пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, кездесулер, шеберлік сағаттары, пікірталас алаңдары, мәдени немесе тағылымдық іс-шаралар және т.б.);
шақырылатын спикерлерге, сарапшыларға, ардагерлерге және өзге де қатысушыларға қойылатын талаптар;
қатысушыларды тіркеу, ақпараттық сүйемелдеу және ұйымдастыру жұмыстары;
полиграфиялық, үлестірмелі, брендтік және өзге де қажетті материалдарға қойылатын талаптар;
фото-бейнетүсірілім, БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттық жариялау талаптары;
техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
форум қорытындысы бойынша күтілетін сандық және сапалық көрсеткіштер;
орындаушы тарапынан ұсынылуы тиіс есептік және растайтын құжаттар.

Қазіргі техникалық сипаттамада форумның тек атауы көрсетіліп, оның аясында нақты қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екендігі ашылмаған. Бұл әлеуетті өнім берушілерге көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін анықтауға, қажетті ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстарды есептеуге, сондай-ақ негізделген баға ұсынысын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

Осыған орай, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың талаптарын біркелкі түсіну және әлеуетті өнім берушілер үшін тең жағдай қалыптастыру мақсатында «Ардагерлер тағылымы және ұлттық құндылықтар» облыстық форумы аясында орындалатын жұмыстардың толық тізбесін, көлемін, сандық көрсеткіштерін және оларға қойылатын нақты талаптарды техникалық сипаттамада көрсетуді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-09-28 16:58:51

Автор:
МҰХТАРҰЛЫ ЕРБУЛАТ

Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации

Сіздің «Ардагерлер тағылымы және ұлттық құндылықтар» атты облыстық форумды ұйымдастыру және өткізуге қатысты техникалық сипаттаманы нақтылау жөніндегі сұрауыңыз қаралды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін, мазмұнын және орындау тәртібін әлеуетті өнім берушілердің біркелкі түсінуін қамтамасыз ету мақсатында аталған іс-шараның техникалық сипаттамасына тиісті нақтылаулар енгізілетінін хабарлаймыз.

Атап айтқанда, техникалық сипаттамада «Ардагерлер тағылымы және ұлттық құндылықтар» облыстық форумын ұйымдастыру және өткізу шеңберінде орындалатын жұмыстардың нақты тізбесі мен оларға қойылатын талаптар көрсетіледі.

Форумды өткізу барысында орындаушы тарапынан:

Форумның бекітілген тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес іс-шара бағдарламасын әзірлеу және келісу;

Форумды өткізуге арналған тиісті орын-жайды дайындау және қажетті ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету;

Қатысушыларды шақыру, тіркеу және қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыру;

Форумның бағдарламасына сәйкес пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар, пікірталас алаңдары, кездесулер, шеберлік сағаттары және өзге де тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру;

Ардагерлерді, сарапшыларды, спикерлерді және тиісті нысаналы аудитория өкілдерін тартуды қамтамасыз ету;

Іс-шараның тақырыбына сәйкес қажетті ақпараттық, полиграфиялық және үлестірмелі материалдарды әзірлеу және дайындау;

Форумның техникалық қамтамасыз етілуін, оның ішінде дыбыстық, жарықтандыру, мультимедиялық және өзге де қажетті жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету;

Фото және бейнетүсірілім жүргізу;

Форумның ақпараттық сүйемелдеуін ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдардың жариялануын қамтамасыз ету;

Форумның қорытындысы бойынша тиісті есептік және растайтын құжаттарды, оның ішінде фото және бейнематериалдарды ұсыну көзделеді.

Сонымен қатар, техникалық сипаттамада форумның жоспарланған қатысушылар саны, мақсатты аудиториясы, өткізу мерзімі мен ұзақтығы, өткізу орнына қойылатын талаптар, бағдарламалық іс-шаралардың саны мен мазмұны, спикерлер мен сарапшыларға қойылатын талаптар, ақпараттық жарияланымдар мен қажетті материалдардың көлемі, сондай-ақ форум қорытындысы бойынша күтілетін сандық және сапалық көрсеткіштер нақты айқындалатын болады.

Осыған байланысты, Сіздің техникалық сипаттамада көрсетілген талаптарды нақтылау жөніндегі ұсыныстарыңыз ескеріліп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі мен мазмұнын айқындау мақсатында тиісті толықтырулар енгізіледі.

Сонымен бірге, әлеуетті өнім берушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында барлық талаптар мен көрсеткіштер техникалық сипаттамада бірдей көлемде және нақты түрде көрсетілетін болады.