Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 1069554
Тема сообщения
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАҒА ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ТАЛАП
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Mine Machine Service"
Представитель поставщика
КЫСТАУБАЕВА ГУЛНУР АНДИРОВНА
Дата и время отправки сообщения
2026-10-05 14:24:40
Текст сообщения
Құрметті Тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды Ұйымдастырушы!
№17713203-1 конкурс, №87872140-ОК1 лот бойынша жарияланған конкурстық құжаттаманы, біліктілік талаптарын және сметалық құжаттаманы зерделеу нәтижесінде конкурстық құжаттамада сатып алынатын жұмыстардың нақты сипатына тікелей қатысы күмән тудыратын және әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын негізсіз шектеуі мүмкін бірқатар талаптардың белгіленгенін хабарлаймыз.
Сметалық құжаттамаға сәйкес сатып алу нысанасы қолданыстағы ғимараттағы терезелерге қатысты жөндеу жұмыстарын қамтиды, оның ішінде қолданыстағы терезе блоктарын демонтаждау, ПВХ профильдерінен жаңа терезе блоктарын орнату, терезе алды тақтайларын орнату, терезе откостарын сылау, шпаклевкалау, бояу және осы жұмыстармен тікелей байланысты өзге де жұмыстар көзделген.
Яғни сметада көзделген жұмыстардың нақты мазмұны қолданыстағы ғимараттың жекелеген элементтерін ауыстыруға және қалпына келтіруге бағытталған жөндеу жұмыстары болып табылады.
Сонымен бірге конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасында әлеуетті өнім берушіге келесі материалдық және еңбек ресурстары бойынша талаптар белгіленген:
— жүк көтерімділігі 1,2 тоннадан аспайтын, қозғалтқыш қуаты 50 кВт-тан кем емес және 60 кВт-тан аспайтын 2 автосамосвал;
— 1 құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған шуруповерт;
— 1 электрлік перфоратор;
— бүйірінен тиеу арқылы жұмыс істейтін, жүк көтерімділігі 1 м³-ден аспайтын, қуаты 155 кВт-тан аспайтын грейферлік қондырғысы және жарқылдауық маягі бар 1 қоқыс таситын автокөлік;
— жылжымалы компрессорлық станциядан жұмыс істейтін 1 пневматикалық бұзғыш балға;
— B және C санатындағы 5 жүргізуші;
— көтергіш және қоршау конструкциялары бойынша біліктілік аттестаты бар 1 учаске бастығы;
— 2 тракторшы-машинист;
— 12 жұмысшы.
1. Арнайы қоқыс таситын автокөлікке қойылған талап бойынша
Конкурстық құжаттамада қарапайым құрылыс қоқысын шығаруға арналған көлік құралы ғана емес, нақты техникалық ерекшеліктері бар арнайы қоқыс таситын автокөлік талап етілген.
Атап айтқанда:
бүйірінен тиеу тәсілі, жүк көтерімділігі 1 м³-ден аспау, қуаты 155 кВт-тан аспайтын грейферлік қондырғы, жарқылдауық маяк, сондай-ақ көлік құралы қайта жабдықталған жағдайда оны растайтын аумақтық полиция органының құжатын ұсынуға қатысты арнайы талаптар белгіленген.
Осыған байланысты Тапсырыс берушіден сметалық құжаттаманың нақты қай позициясын орындау үшін дәл осындай техникалық сипаттамалары бар арнайы қоқыс таситын автокөлік міндетті түрде қажет екенін көрсетуін және негіздеуін талап етеміз.
Терезелерді демонтаждау және ауыстыру барысында пайда болатын құрылыс қалдықтарын техникалық жағынан жарамды өзге көлікпен шығаруға мүмкіндік болған жағдайда, нақты бүйірлік тиеуі, грейферлік қондырғысы, жарқылдауық маягі және қайта жабдықтауға қатысты арнайы құжаттары бар көлікті міндеттеу объективті қажеттілікпен негізделуге тиіс.
Көрсетілген параметрлердің әрқайсысының сатып алынатын жұмысты орындау технологиясымен тікелей байланысын түсіндіруді сұраймыз.
2. Екі тракторшы-машинист бойынша
Конкурстық құжаттамада бірден 2 тракторшы-машинист талап етілген.
Алайда сметалық құжаттамадағы терезелерді демонтаждау, жаңа ПВХ терезелерін орнату, откостарды жөндеу, сылау, шпаклевкалау және бояу жұмыстарын орындау барысында екі тракторшы-машинистің нақты қандай операцияларды орындайтыны түсініксіз.
Осыған байланысты:
2 тракторшы-машинистің қажеттілігін сметаның нақты позицияларына және олар орындайтын нақты технологиялық операцияларға сілтеме жасай отырып негіздеуді талап етеміз.
Мұндай негіздеме болмаған жағдайда аталған талапты конкурстық құжаттамадан алып тастауды сұраймыз.
3. B және C санатындағы 5 жүргізуші бойынша
Конкурстық құжаттамада 5 жүргізушінің болуы міндеттелген.
Тапсырыс берушіден дәл 5 жүргізушінің бір уақытта қажеттілігін, олардың әрқайсысының қандай материалдық ресурсты басқаратынын және бұл санның сметалық жұмыс көлемінен қалай есептелгенін түсіндіруді сұраймыз.
Егер бес жүргізушінің қажеттілігі нақты технологиялық немесе сметалық есеппен расталмаса, бұл талапты да қайта қарауды талап етеміз.
4. Пневматикалық бұзғыш балға бойынша
Конкурстық құжаттамада жылжымалы компрессорлық станциядан жұмыс істейтін пневматикалық бұзғыш балға талап етілген.
Осыған байланысты сметаның нақты қай позициясын орындау кезінде дәл пневматикалық бұзғыш балға және жылжымалы компрессорлық станцияны пайдалану міндетті екенін көрсетуді сұраймыз.
Егер тиісті жұмыстар электрлік перфоратормен немесе сметада қарастырылған өзге механизмдермен орындалатын болса, қосымша арнайы жабдықты міндеттеу қажеттілігіне негіздеме берілуі тиіс.
5. Сатып алу нысанын дұрыс айқындау мәселесі
Сметалық құжаттаманың нақты мазмұны қолданыстағы ғимараттың терезе блоктарын демонтаждау және ауыстыру, откостарды қалпына келтіру, сылау, шпаклевкалау және бояу сияқты өзара байланысты жөндеу жұмыстарынан тұрады.
Осыған байланысты сатып алу нысанының нақты мазмұнына құқықтық және техникалық тұрғыдан қайта бағалау жүргізіп, аталған жұмыстарды қолданыстағы объектінің ағымдағы жөндеуі (текущий ремонт) ретінде сатып алу қажеттілігі бар-жоғын қарауды сұраймыз.
Егер сметадағы жұмыстар өзінің нақты сипаты бойынша ағымдағы жөндеуге жататын болса, сатып алу нысанын және конкурстық құжаттаманы жұмыстардың нақты сипатына сәйкес келтіру қажет деп есептейміз.
6. Бәсекелестікті негізсіз шектеуге жол бермеу туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі — әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беру және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Осыған байланысты сатып алу нысанын орындауға объективті қажеттіліктен тікелей туындамайтын, шамадан тыс нақты немесе тар материалдық және еңбек ресурстарына қойылатын талаптар әлеуетті өнім берушілердің қатысу мүмкіндігін негізсіз шектемеуге тиіс.
Әсіресе сатып алу нысаны терезелерді жөндеу/ауыстыру болған кезде нақты конструкциясы мен арнайы жабдықтары көрсетілген қоқыс таситын автокөлікке қойылған талаптың қажеттілігі толық және нақты негізделуі қажет деп есептейміз.
ОСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТАЛАП ЕТЕМІЗ:
1. Қоқыс таситын автокөлікке қойылған әрбір арнайы техникалық талаптың сметалық және технологиялық негіздемесін ұсынуды;
2. Сметаның нақты қай позициясы үшін бүйірлік тиеуі, грейферлік қондырғысы және жарқылдауық маягі бар дәл осындай арнайы қоқыс таситын автокөлік қажет екенін көрсетуді;
3. 2 тракторшы-машинистің қажеттілігін нақты сметалық жұмыстармен негіздеуді;
4. B және C санатындағы 5 жүргізушінің қажеттілігін және олардың әрқайсысының қандай техникада жұмыс істейтінін негіздеуді;
5. Жылжымалы компрессорлық станциядан жұмыс істейтін пневматикалық бұзғыш балғаның қажеттілігін сметаның нақты позициясымен негіздеуді;
6. Сатып алу нысанын сметада көзделген жұмыстардың нақты сипатына сәйкес қайта қарап, бұл жұмыстарды қолданыстағы объектінің ағымдағы жөндеуі (текущий ремонт) ретінде сатып алу қажеттілігіне құқықтық және техникалық баға беруді;
7. Объективті қажеттілігі сметалық және технологиялық құжаттармен расталмаған материалдық және еңбек ресурстарына қойылған талаптарды конкурстық құжаттамадан алып тастауды;
8. Конкурстық құжаттаманы қолданыстағы заңнама талаптарына және сатып алынатын жұмыстардың нақты сипатына сәйкес келтіруді;
9. Егер анықталған сәйкессіздіктерді конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы жою мүмкін болмаса, осы мемлекеттік сатып алуды тоқтату (болдырмау) және сатып алу нысаны мен біліктілік талаптарын дұрыс айқындай отырып қайта жариялау мәселесін қарауды.
ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНДАРҒА ЖҮГІНУ ТУРАЛЫ
Егер жоғарыда көрсетілген ескертулер тиісті түрде қаралмай, объективті негіздемесі жоқ талаптар өзгеріссіз қалдырылған жағдайда, біз мұндай талаптар әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын негізсіз шектеуі және адал бәсекелестік қағидаттарына қайшы келуі мүмкін деп есептейміз.
Осыған байланысты өз құқықтарымыз бен заңды мүдделерімізді қорғау мақсатында мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға, ішкі мемлекеттік аудит органдарына, прокуратура органдарына және өзге де құзыретті мемлекеттік органдарға конкурс құжаттамасының заңдылығына және белгіленген біліктілік талаптарының негізділігіне құқықтық баға беру туралы жүгіну құқығымызды пайдаланатынымызды хабарлаймыз.
Сонымен қатар арнайы техниканың нақты және тар сипаттамаларын белгілеудің объективті қажеттілігі расталмаған жағдайда, мұндай талаптардың әлеуетті өнім берушілер шеңберін негізсіз шектеуге алып келу ықтималдығына тиісті құқықтық баға беруді сұрайтын боламыз.
Осы ескертуде көтерілген әрбір мәселе бойынша сметалық құжаттаманың нақты позицияларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, толық әрі дәлелді жауап беруді сұраймыз.

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-10-07 16:55:10
Автор:
ЕРМУХАН АСҰЛАН ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ
Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации
Описание внесения изменения
Ескерту қаралды.
Сатып алу нысанасы мектеп пен жатақхана ғимараттарындағы терезе блоктарын ауыстыру жөніндегі жұмыстардың негізгі нәтижесіне қарай айқындалған. Сметалық құжаттама мен техникалық ерекшелікте 499 қолданыстағы терезе қорабы мен терезе алды тақтайларын демонтаждау, жалпы ауданы 1 616,8 м² жаңа ПВХ терезе блоктарын дайындау, жеткізу және монтаждау, жалпы ұзындығы 958 погон метр терезе алды тақтайларын орнату, еңістер мен іргелес беттерді қалпына келтіру және әрлеу, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын жинау, тиеу және шығару көзделген.
Демонтаждау, терезе алды тақтайларын орнату, еңістер мен іргелес беттерді қалпына келтіру және әрлеу жұмыстары терезе блоктарын ауыстыруға арналған бірыңғай жұмыс кешенінің құрамына кіреді және сатып алудың негізгі нәтижесін өзгертпейді.
Лоттың «Терезелерді және/немесе олардың жиынтықтарын жөндеу/дайындау жөніндегі жұмыстар» деген атауы мен 251299.200.000000 коды сатып алу нысанасына сәйкес келеді. Сатып алу нысанасын, лоттың атауы мен кодын өзгертуге немесе конкурсты тоқтатып, қайта жариялауға негіз жоқ.
Материалдық және еңбек ресурстарына қойылатын біліктілік талаптары конкурс құжаттамасын пысықтау кезінде ескеріліп, олардың құрамы мен саны сметалық құжаттамаға және техникалық ерекшелікке сәйкес келтіріледі.