Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 1069555
Тема сообщения
Біліктілік талаптарындағы арнайы қоқыс таситын автокөлікке қойылған талаптарды қайта қарау туралы
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "EGS AKTAU (ЕГС АКТАУ)"
Представитель поставщика
ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ МАҒЖАН МАРАТҰЛЫ
Дата и время отправки сообщения
2026-10-05 14:29:56
Текст сообщения
Құрметті Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы!
№17713203-1 конкурс, №87872140-ОК1 лот бойынша конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында сатып алу нысанасына тікелей қатысы күмән тудыратын және әлеуетті өнім берушілердің қатысуын негізсіз шектеуі мүмкін біліктілік талаптары анықталды.
Конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасында әлеуетті өнім берушіден бүйірінен тиеу арқылы жұмыс істейтін, жүк көтерімділігі 1 м³-ден аспайтын, қуаты 155 кВт-тан аспайтын грейферлік қондырғысы және жарқылдауық маягі бар қоқыс таситын автокөліктің болуы талап етілген.
Сонымен қатар көлік құралын тіркеу туралы куәліктегі қайта жабдықтауға қатысты «ерекше белгіге» байланысты аумақтық полиция органының тиісті құжатын ұсыну жөніндегі талап та қарастырылған.
Алайда сатып алу нысанасы — «Работы по ремонту/изготовлению окон и/или комплектующих к ним».
Осыған байланысты Тапсырыс берушіден:
сметалық құжаттаманың нақты қай позициясын және қандай технологиялық операцияны орындау үшін дәл осындай бүйірлік тиеуі, грейферлік қондырғысы, белгіленген қуаты және жарқылдауық маягі бар арнайы қоқыс таситын автокөлік қажет екенін нақты көрсетіп, негіздеуді талап етеміз.
Сондай-ақ терезелерді демонтаждау және ауыстыру барысында пайда болатын құрылыс қалдықтарын техникалық жағынан жарамды өзге көлік құралдарымен шығаруға неліктен жол берілмейтініне түсіндірме беруді сұраймыз.
Егер аталған ерекше техникалық сипаттамалардың қажеттілігі сметалық құжаттамамен және жұмыстарды орындау технологиясымен объективті түрде расталмаса, бұл талаптарды алып тастауды немесе баламалы техника пайдалануға мүмкіндік беретін талаптарға өзгертуді сұраймыз.
Мұндай тар техникалық және тіркеу сипаттамаларын белгілеу объективті қажеттілікпен расталмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің шеңберін негізсіз шектеуге және мемлекеттік сатып алудағы адал бәсекелестікке кедергі келтіруге әкелуі мүмкін деп есептейміз.
Егер осы ескертулер тиісті түрде қаралмай, объективті қажеттілігі расталмаған талаптар өзгеріссіз қалдырылған жағдайда, конкурстық құжаттаманың және белгіленген талаптардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық баға беру мақсатында уәкілетті органға, ішкі мемлекеттік аудит органдарына, прокуратура органдарына және өзге де құзыретті мемлекеттік органдарға тиісті өтініштер жолдайтынымызды хабарлаймыз.
Осы ескерту бойынша әрбір даулы талаптың нақты сметалық және құқықтық негіздемесін көрсете отырып, толық жауап беруді сұраймыз.

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-10-07 16:54:31
Автор:
ЕРМУХАН АСҰЛАН ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ
Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации
Описание внесения изменения
Ескерту қабылданады. Қоқыс таситын автокөлікке қойылатын біліктілік талаптары, оның ішінде техникалық сипаттамалары мен қайта жабдықтауды растайтын құжатты ұсыну шарты сметалық құжаттамаға сәйкес қайта қаралады. Конкурстық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізіледі.