Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті пайдаланушылар!


Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай платформасын (БСП) пайдалануға кезең-кезеңімен көшу мақсатында «Жұмыс тәжірибесінің тізілімі» модулінің функционалы мемлекеттік сатып алу веб-порталынан (ЭМС) БСП-ға көшірілетінін хабарлаймыз.

БСП-ға көшіру шеңберінде 2026 жылғы 2 қарашадан бастап келесі функционалдық мүмкіндіктер қолжетімді болады:

  • орындалған жұмыстар туралы жаңа мәліметтерді жасау (сілтеме бойынша нұсқаулық);

  • орындалған жұмыстар туралы мәліметтерді уәкілетті органдардың қарауы (сілтеме бойынша нұсқаулық).

Бұл ретте ЭМС-те жасалған және қарауға жіберілген мәліметтерді қарау бұрынғыдай ЭМС веб-порталында жүзеге асырылады. Орындалған жұмыстар туралы жаңа мәліметтерді жасау тек БСП-да жүзеге асырылады.

БСП-да жасалған орындалған жұмыстар туралы мәліметтер ЭМС-те өткізілетін сатып алуларға қатысуға арналған өтінімдерге қосу үшін қолжетімді болатынына назар аударамыз.

Сондай-ақ БСП және ЭМС платформалары арасында ауысқан кезде қайта авторизациялау талап етілмейтінін хабарлаймыз. Платформалар арасында ауысу жөніндегі нұсқаулықпен сілтеме бойынша танысуға болады.