Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті пайдаланушылар!


         Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарды қабылдау-тапсыру актісінде тауардың бірегей кодын (NTIN) көрсетуге міндетті (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 580-тармағы (Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген)).

       NTIN коды бойынша көрсетілген тауар тапсырыс беруші белгілеген сатып алу мәніне және сипаттамаларына сәйкес келмеген жағдайда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган    Тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесінің 8-тармағына сәйкес орындалу мерзімі 10 жұмыс күні болатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу жолымен ден қою шараларын қолданады (Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген).

         Анықталған бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.