Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  26.11.2024

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы тарапынан қызметтердің уақытша қолжетімсіздігіне байланысты веб-порталда пайдаланушыларды электрондық цифрлық қолтаңба кілттерімен авторизациялау кезінде, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою кезінде техникалық ақаулық тіркелгенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты 2024 жылғы 26 қарашада өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың және сатып алу әдістерімен өтінімдерді толықтырудың соңғы мерзімі 26 қараша 2024 жылдың 09:51:00-ден 17:30:00 аралығындағы «Ашық конкурс», «Тендер», «Бағалы ұсыныстарға сұраным», «Алдын ала білікті іріктеу конкурсы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу», «Тұрғын үй сатып алу» тәсілдер бойынша сатып алулардың өтінімдерін қабылдауды және толықтыруды аяқтау мерзімі 2024 жылғы 27 қараша 16:00:00- ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.


Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Всем пользователям веб-портала!!!

Хабарламалар  26.11.2024

Сообщаем, что портал https://goszakup.gov.kz работает и доступен, но наблюдаются ошибки при авторизации пользователей на портале ключами электронной цифровой подписи, а также при подписании ключами электронной цифровой подписи.
На данный момент ведутся работы по выявлению и устранению причины возникновения сбоя.

О переносе сроков закупок будет сообщено дополнительно.
Приносим извинения за временные неудобства и благодарим за понимание.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  22.11.2024

22.11.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  20.11.2024

«Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының және химия, металлургия және құрылыс өнеркәсіптері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 29 наурыздағы №114 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 бұйрыққа сәйкес, ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар тізбесі жаңартылды.
Бұл ретте, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген өнеркәсіптік сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі әлеуетті өнім берушінің тауар өндірісін растайтын құжат болып табылады.

Төмендегі сілтеме бойынша тізбемен толығырақ танысуға болады

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  20.11.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 20.11.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 20.11.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Барлық әлеуетті жеткізушілерге!

Жаңалықтар  13.11.2024

2024 жылғы 1 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 3-тармақшасын іске асыру мақсатында бірыңғай оператор электрондық сауда алаңдарына қойылатын талаптардың ЖОБАСЫН әзірледі, олармен сілтеме бойынша танысуға болады.

Анықтама: 35) электрондық дүкен – уәкілетті органмен келісім бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңдарында орналастырылған деректердің агрегациясын қамтамасыз ететін веб-порталдың кіші жүйесі.

Талаптар жобасына ескертулер мен ұсыныстарды 2024 жылғы 17 қарашаға дейінгі мерзімде n.kulzhanov@ecc.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз. 

Толығырақ

Всем заказчикам и поставщикам касательно списка ФЛК!

Жаңалықтар  13.11.2024

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға құқылы тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілердің тізбесін қалыптастырады.

Актуалды тізім веб-порталда ФЛК бөлімінде орналастырылған (сілтеме).

Анықтама үшін: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 7), 16), 27), 29), 30), 33), 36), 40), 41), 51) және 56) тармақшалары негізінде бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар веб-порталда уәкілетті орган қалыптастыратын тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілер тізбесі бойынша орнатылған форматтық-логикалық бақылауды (ФЛК) ескере отырып жүзеге асырылады (Қағидалардың 474-тармағы).

Тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілерді осы тізімге енгізу тапсырыс беруші немесе әлеуетті жеткізушінің Қағидаларға 46 және 47-қосымшаларға сәйкес өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Өтінішке тапсырыс берушінің немесе әлеуетті жеткізушінің тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге өкілеттігін растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.

Осыған байланысты, егер тапсырыс беруші немесе әлеуетті жеткізуші бұл тізімде болмаса, оларды енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі негіздер бойынша өтініш жолдауы қажет:
    •    Тапсырыс берушілер үшін: 39-баптың 3-тармағының 7), 30), 33) және 51) тармақшалары бойынша;
    •    Әлеуетті жеткізушілер үшін: 1), 16), 27), 29), 36) және 41) тармақшалары бойынша;
    •    Президент тапсырмасы негізінде Үкімет айқындаған әлеуетті жеткізушілер мен оларға бекітілген тапсырыс берушілер үшін: 56) тармақша бойынша.

Қосымша, 39-баптың 3-тармағының 27) тармақшасы шеңберінде шарт жасасатын әлеуетті жеткізушілердің тізбесі жыл сайын монополияға қарсы органның қорытындысы негізінде 31 желтоқсанға дейін қалыптастырылады.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, 27) тармақша бойынша әлеуетті жеткізушілер 2025 жылға жарамды жаңартылған өтініш пен монополияға қарсы органның қорытындысын ұсынуы тиіс.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Хабарламалар  12.11.2024

Осы хатпен 2024 жылдың 16-17 қарашасы аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты https://omarket.kz. порталының қолжетімді болмайтынын хабарлаймыз 

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  12.11.2024

«Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының және химия, металлургия және құрылыс өнеркәсіптері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 29 наурыздағы №114  бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 4 қарашанын № 383 бұйрыққа сәйкес, ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар тізбесі жаңартылды.
Бұл ретте, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген өнеркәсіптік сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі әлеуетті өнім берушінің тауар өндірісін растайтын құжат болып табылады.

Төмендегі сілтеме бойынша тізбемен толығырақ танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  11.11.2024

11.11.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ